Ақмола облысында жол апатынан қырғыз азаматы көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жол апатынан қырғыз азаматы көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан қырғыз азаматы көз жұмды

Ақмола облысында жеңіл көлік пен екі бірдей жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан 20 жастағы Қырғызстан азаматы көз жұмып, оның жанындағы отандасы жарақат алды.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 271
Фото - Caravan.kz

Аймақтық әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, апат бейсенбі күні Екатеринбург-Алматы тас жолының 935-ші шақырымында болған.

«Опельді» тізгіндеген Қырғызстан азаматы автокөлікті басқара алмай, алдында келе жатқан «КАМАЗ» көлігімен соқтығысқан. Соққыдан жолдың қарсы бетіне шығып кеткен жеңіл көлік фураға соғылған», — дейді баспасөз қызметіндегілер.

Салдарынан «Опель» жүргізушісі сол жерде жан тапсырып, жанындағы жолдасы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі де Қырғызстан азаматтары.