Ақмола облысының 2008 жылғы бюджетінің болжамдық көлемі 38 млрд теңгені құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының 2008 жылғы бюджетінің болжамдық көлемі  38 млрд теңгені құрайды

Ақмола облысының 2008 жылғы бюджетінің болжамдық көлемі 38 млрд теңгені құрайды

Көкшетау. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының 2008 жылғы бюджетінің болжамдық көлемі 38,2 млрд теңгені құрап, ағымдағы жылғы көлемнен 7,8 млрд теңгеге, немесе 25,8%-ға артады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Қараша 2007
  • 450
Фото - Caravan.kz

Тұтастай алғанда, 2008 жылға арналған облыстық бюджеттің жобасы әлеуметтік бағытта. «Барлық шығындардың 45% әлеуметтік саланың үлесіне тиеді, соның ішінде облыстық бюджет шығындарының ең ауқымды бөлігі денсаулық сақтау (30,9%), білім беру (9,7%), халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт (4,8%)» салаларының үлесінде, — деді облыстық бюджеттік комиссияның отырысында сөз сөйлеген экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры Мұратбек Тақамбаев.

Бюджеттік комиссияның мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары, қоғамдық сарапшылар комиссиясының мүшелері мен бейресми ұйымдар жобамен келісті. Алайда, жалпы ахуалды өзгерткен кейбір түзетулер енгізілді. Мәселен, келесі жылы ақша бөлінетін негізгі әлеуметтік нысандар ретінде екі орта мектеп пен үш балабақша таңдалды. Бір мектепті Көкшетауда салу межеленгенімен, мектеп құрылысын Астананың серіктес қаласы- Қосшиге көшіру жөнінде ұсыныс жасалды.

Бөлінген қаржының есебінен Көкшетауда облыстық аурухананың реабилитациялық орталығының құрылысы басталады.

Ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын шешуге аайрықша назар аударылды. Бұл мақсатқа 275 млн теңге жоспарланып, шығындар 1,4 есе өспек.

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі ауылдағы жастарды баспанамен қамтамасыз ету болып отыр. Аудандар мен қала әкімдері дәрігерлер мен оқытушыларды ауылдық жерлерде шақыруды жыл өткен сайын арттыра түсуде. Екі пәтерлі 34 үйді салу үшін 628 млн теңге бөлінген.

Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамытуға 474 млн теңге көзделген.

Облысты дамытудың орта мерзімді жоспарына сәйкес, басымдық берілген бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 2008 жылы 3,5 млрд теңге қарастырылған, немесе 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда өсім 35,1%. «Қаржы басымдыққа және жасалып, бекітілген жобалық құжаттарамалардың болуына байланысты жобалар арасында бөлінген», — деді М. Тақамбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті