Ақмола облысының әкімі Беларусьқа қазақстандық астықты жеткізу мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының әкімі Беларусьқа қазақстандық астықты жеткізу мәселесін талқылады

Ақмола облысының әкімі Беларусьқа қазақстандық астықты жеткізу мәселесін талқылады

Ақмола облысының делегациясы 24-26 ақпанда Беларусь Республикасының (БР) Гродно және Минск облыстарында болды.

  • 27 Ақпан 2014
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Беларусьтағы ҚР елшілігі хабарлағандай, облыс әкімі Қосман Айтмұхамбетовтың басшылығымен барған делегация БР Үкіметінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ақмола облысының БР-мен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, ауыл шаруашылығы және жол техникасын, астық кептіретін кешендер шығаратын бірлескен өндіріс құру, Беларусьқа қазақстандық астықты жеткізу мүмкіндіктерін қарады», — деп атап өтілген таратылған хабарламада.

Ақмола облысына беларусь техникасын көрсету үшін екі ауыл шаруашылығы алаңын беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстандық делегация Беларусьтің ірі өндірістік кәсіпорындарын аралады. Олар роботтандырылған тауарлы-сүт өнімдері фермаларын енгізу тәжірибесімен, мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы өндірісімен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыстарымен танысты.


Ақмола және Гродно облыстары арасында ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарланған баспасөз баянында.