Ақмола облысының билігі Қоянды селосында заңсыз үй салып алғандарға түсіністікпен қарауға тырысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының билігі Қоянды селосында заңсыз үй салып алғандарға түсіністікпен қарауға тырысуда

Ақмола облысының билігі Қоянды селосында заңсыз үй салып алғандарға түсіністікпен қарауға тырысуда

 Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Қоянды селосында заңсыз үй салып алғандарға түсіністікпен қарауға уәде етті.

  • 4 Ақпан 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz


"Бізде бас жоспарға орай 45 үйдің инженерлік коммуникация түсетін жолға салынғандығы қиын болып отыр. Дегенмен бас жоспарды өзгертсек те, көп үй бұзбауға тырысамыз. Мүмкін 2,4,5 үй бұзылатын болар, бірақ 45 үй емес”, деді ол сәрсенбіде Көкшетауда жиналыста.
Алдында хабарланғандай, өткен жылы күзде онда заңсыз салынған 20 үй, басқа да үйлердің іргетасы бұзылған, жергілікті халық бұған орай наразылық білдірген еді.
Қоянды селосы Астанадан 24 шақырым жерде орналасқан.