Ақмола облысының ІІД жаңа басшысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының ІІД жаңа басшысы тағайындалды

Ақмола облысының ІІД жаңа басшысы тағайындалды

Бүгін ҚР ІІМ бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Марат Демеуов Ақмола облысының ішкі істер департаменті ұжымына облыстық полицияның жаңа басшысын таныстырды.

  • 30 Қазан 2013
  • 472
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Республикасы ІІМ 2013 жылғы 29 қазандағы бұйрығымен Ақмола облысы бойынша ІІД жаңа бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубек тағайындалды.

Халықұлы Жайлаубек 1963 жылы 10 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1994), мамандығы — «Заңгер»; ҚР ІІМ Академиясының басшы құрамын дайындау факультетін (2002) бітірген.


Ішкі істер органдарындағы қызметін 1989 жылы бастаған. Халықұлы Жайлаубек батальон инспекторы қызметінен бастап, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің кеңесшісі лауазымына дейін әр түрлі қызметтерді атқарған.