Жарияланды: 20

Ақмола облысының полицейлері аса ауыр қылмысты ашты

Ақмола облысының полицейлері аса ауыр қылмысты ашты

Күдікті қамауға алынды. Ол сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысының полицейлері осы жылдың ақпан айында жасалған аса ауыр қылмысты ашты. Бұланды ауданының тұрғыны 57 жастағы танысын өлтіріп, денесін бөлшектеді деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Марқұмның туыстары полицияға 25 наурызда хабарласқан, оған дейін оны бір ай бойы өздері іздеген. Туыстарының айтуынша, жоғалған адам ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласына жұмысқа кетіп, содан кейін ешкімге хабарласпаған.

9 тамызда полицейлер тұрғынның жоғалып кетуіне 34 жастағы азаматтың қатысы болуы мүмкін деп күдіктенді.

"2020 жылы ақпанда күдікті 57 жастағы ер адаммен жанжалдасып қалып, оны өлтіргені анықталды, олар бірге алкогольді ішімдік ішкен. Қылмысты жасыру үшін оның аяқ-қолы мен басын пешке жағып, денесін үйінің ауласындағы сарайға көміп тастаған", - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Күдікті қамауға алынды. Ол сегіз жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін