Ақмола облысының қаржы полициясы Павлодар мұнай-химия зауытынан жалпы құны 900 млн теңге болатын жанармай ұрлау фактісін тексеріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының қаржы полициясы Павлодар мұнай-химия зауытынан жалпы құны 900 млн теңге болатын жанармай ұрлау фактісін тексеріп жатыр

Ақмола облысының қаржы полициясы Павлодар мұнай-химия зауытынан жалпы құны 900 млн теңге болатын жанармай ұрлау фактісін тексеріп жатыр

Ақмола облысының Қаржы полициясы департаменті «Bahyt Petrol Group» ЖШС лауазымды тұлғаларының Павлодар мұнай-химия зауытынан 8 мың тоннадан астам бензин ұрлағанын анықтады.

  • 4 Наурыз 2014
  • 541
Фото - Caravan.kz

Қазір олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 4-бөлімі 176-бабының «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Оларға 2013 жылдың қаңтарынан бастап осы күнге дейін ПМХЗ сақтауға алынған 4,5 мың тоннадан астам АИ-80 маркалы жанармай мен 3,6 мың тоннадан астам АИ-92 бензинін ұрлады деген күдік келтіріліп отыр.

Қаржы полицейлерінің мәліметінше, зауытқа 900 млн теңгеден астам шығын келтірілген.


Қазақстан аумағында Bahyt Petrol Group компаниясының жанармай бекеттері желісі бар.