Ақмола облысының тұрғыны адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының тұрғыны адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталды

Ақмола облысының тұрғыны адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталды

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіргені үшін айыпталған азамат М-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызмет.

  • 8 Сәуiр 2016
  • 362
Фото - Caravan.kz

Сот анықтағандай, азамат М. масаң күйде болғандықтан азамат И-мен төбелес барысында пышағын алып, оның кеудесіне соққы жасаған. Алған пышақ жарақатынан азамат И. қайтыс болды.

Сот үкімімен азамат М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен («Адам өлтіру») қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қатаң режімдегi түзеу колониясында жазасын өтеумен он жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленуші әкесінің пайдасына азамат М-дан 1 000 000 теңге көлемінде келтірілген моральдық зиянды өндіріп алды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.