Ақмола облысының тұтынушыларына жылу үшін алынған 5 млн теңге қайтарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының тұтынушыларына жылу үшін алынған 5 млн теңге қайтарылады

Ақмола облысының тұтынушыларына жылу үшін алынған 5 млн теңге қайтарылады

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті жылу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуге талдау жүргізді.

  • 18 Маусым 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғи монополиялар туралы заңнамаға (26-бабының 2-тармағының 11) тармақшасы) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (10-тарауының 1-параграфы) сәйкес, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуге талдау жүргізді, — делінген ақпаратта.

Қайта есептеу 10 табиғи монополия субъектілері бойынша белгіленген.

Ақмола облысы бойынша ТМРКД-ы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, қайта есептеуді жүргізу туралы талаппен субъектілердің атына хаттар жолдады.

Мәселен, Ақмола облысы бойынша 2020/2021 жылдардың өткен жылыту кезеңінде 10 субъект бойынша жалпы сомасы 5 880 500 теңгеге (ҚҚС-мен) жылу энергиясы үшін төлем қайта есептелетін болады, оның ішінде:

— «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-ы бойынша – 290 560 теңге (ҚҚС есебімен);

— «Степногорск Энергосбыт» ЖШС-ы бойынша — 511 659 теңге (ҚҚС-мен);

— «Коммунсервис» ШЖҚ МКК-ы бойынша — 710 440 теңге (ҚҚС-мен);


— «Теміржолсу-Көкшетау» ЖШС-ы бойынша — 25 577 теңге (ҚҚС-мен);

— «Котельная АСИ» ЖШС-ы бойынша — 20 620 теңге (ҚҚС-мен);

— «Жастар Атбасар» ЖШС-ы бойынша — 93 850 теңге (ҚҚС-мен);

— «Есіл горкомхоз» ШЖҚ МКК-ы бойынша — 2 912 380 теңге (ҚҚС-мен);

— «Комхоз» ШЖҚ МКК-ы бойынша — 524 793 теңге (ҚҚС-мен);

— «Ақкөл-горкомхоз» ШЖҚ МКК-ы бойынша — 787 600 теңге (ҚҚС-мен);

— «Бурабай тазалық» ШЖҚ МКК-ы бойынша — 3 017 теңге (ҚҚС-мен).

Осылайша, жоғарыда көрсетілген субъектілердің тұтынушыларына қайта есептеу 2021/2022 жылдардағы жылу беру кезеңінің басына алдын ала төлем түрінде дербес шоттарға есептеу немесе реттеліп көрсетілетін жылумен жабдықтау қызметіне есептеуді азайту жолымен жүргізетін болады.

Бұл ретте, 2020/2021 жылдардың жылыту кезеңі үшін қайта есептеу сомасының 2019/2020 жылдардың жылыту кезеңі үшін қайта есептеуден төмендеуі, осы жылыту кезеңінде сыртқы ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнататын тұтынушылардың ұлғаюына байланысты екенін атап көрсету қажет, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар