Жарияланды: 510

Ақордада Ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті.

Отырыста жоғары марапатқа ұсынылған жұмыстар бойынша тақырыптық секциялардың ұсынымдары мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалық қорытындылары қаралды. Отырыста күн тәртібіндегі мәселе жөнінде сөз қозғаған Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев: «Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға номинанттарды іріктеу біздің комиссияға ерекше жауапкершілік жүктейді. Біз іріктелген жұмыстарды бағалауда ерекше принципті болуымыз керек және Мемлекеттік сыйлық берілетін Жарлықта Президент Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен жоғары критерийлерді басшылыққа алуымыз керек. Бұл критерийлер анық және нақты екені белгілі. Мемлекеттік сыйлықтан үміткер әрбір жұмыс алдымен отандық ғылымда серпінді болуы, өз саласында әлемдік аналогтарға сәйкес немесе одан да жоғары болуы және елдің ғылыми-техникалық дамуына елеулі үлес қосуы тиіс. Сондықтан Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы мемлекеттік сыйлығы тек Отанның жоғары наградасы емес, еліміздің одан әрі ғылыми-техникалық прогресінің маңызды көрсеткіші болуы тиіс. Біздің міндетіміз - Мемлекет басшысына ұсынылған жұмыстардың ішінен мемлекеттік сыйлыққа нағыз лайықтысын таңдау»,-деп атап көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін