Ақордаға жақсы көрсеткішін тізіп келген Күрішбаев Елбасыдан сын естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақордаға жақсы көрсеткішін тізіп келген Күрішбаев Елбасыдан сын естіді

Ақордаға жақсы көрсеткішін тізіп келген Күрішбаев Елбасыдан сын естіді

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашалығы саласын сынға алды.  Таяқтың ұшы бүгін экс-министрге тиді.

  • 15 Наурыз 2014
  • 358
Фото - Caravan.kz

Ақордаға шақыртылған Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев жетістіктерін жіпке тізіп келген еді. Президент жақсы көрсеткіштен бұрын әңгімені проблемадан бастады. Себебі ауыл шаруашылығына қыруар қаржы бөлініп жатқанымен оның қайтарымы болмай тұр. Тек жаңбыр мөлшерден көп жауса ғана, астық мол жиналады. Кадр әзірлеу жағы да ақсаған. Ал агроөнеркәсіп саласын «алға жылжытады» деген ғылыми зерттеу орталықтарынан еш пайда жоқ. Олардың жұмысы туралы ауылдағы шаруа мүлдем хабарсыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

«ҚазАгроИнновация» дегенді құрдық. 1300 адам жұмыс істейді. Не істеп жатыр? Қанша институты бар?


Оларда 23 институт бар.

— Неменеге енді тағы біреуін «құрайын» деп отырсың?

23 институт олар не істеп отыр?

— Олар не үшін жалақы алып отыр.

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры:

-Жұмыс істейді. Бірақ өзіңіз айтқандай, өзіңізде білесіз ғой жағдайды. Олар тиісті деңгейде бір қортындыға жетпей жатыр. Себеп кадрларды өзгертуіміз керек.