Жарияланды: 2500

Ақпараттық инфрақұрылым қалыптастыру - алдағы басты мақсаттардың бірі

Ақпараттық инфрақұрылым қалыптастыру - алдағы басты мақсаттардың бірі

Бүгінгі ақпараттандыру заманында қазіргі өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды.

Тіпті ақпараттық мемлекет деген жаңа термин пайда болды. ҚР Президентінің жарлығымен 2013 жылы 8 қаңтарда «Ақпараттық Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы мақалада біз оның негізгі міндеттері мен бағыттарын толық анықтауға тырысамыз.

Ақпараттық қоғам дегеніміз не?

Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компьютерлердің болуы, компьютерлік желілерді және сондай-ақ күнделікті қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады.

Ақпараттық қоғам дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымы есебінен халықтың хал-ахуалының жоғары деңгейіне жетуге бағытталған.

Қазіргі заманғы адам өркениетінің дамуы адам өмірінің тұрмыс салтын өзгертетін және ақпараттық қоғамға, дамуы жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени қоғамға көшу үшін іргетасы мен материалдық базасын құрайтын АКТ өмірдің барлық салаларына енгізудің кезекті кезеңімен сипатталады. Әлемде мынадай беталыстар кеңінен байқалады:

1) АКТ әсер етуімен барлық қоғамдық институттарын және адам қызметінің салаларын түрлендіру;

2) барлық салаларда заманауи технологияларды әзірлеу, өндіру және енгізудің ілгерілеуі;

3) дамыған ақпараттық қоғам құруға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес міндеттерге талпыну;

4) ақпараттық ресурстарға халықтың теңқұқылы кепілденген қолжетімділігін қамтамасыз ету;

5) азаматтарды, қоғамдық институттарды, бизнесті және мемлекеттік билік органдарын ақпараттық қоғам жағдайында өмірдің барлық деңгейіне дайындау. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің көбіснде, мысалы Канада, Корея, Сингапур, АҚШ ақпараттық қоғам дамуының тұтасымен және жеке қызмет салаларында стратегиялар немесе кешендік бағдарламалар әзірленген және жүзеге асырылуда. Біздің елімізде негізгі екпін ақпараттық қоғамдың жасаушының бірі «электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамытуға жасалды, бұған куә жоғарғы халықаралық рейтингтер.

Бірақ ақпараттық қоғамды қалыптастырудың міндеті «электрондық үкіметті» және телекоммуникация салаларын дамытуға қарағанда сөзсіз кең. Сондықтан ақпараттық қоғамға көшуге ықпал ететін барлық қажетті жағдайларды жасау үшін, және де 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» бабында берілген Елбасының тапсырмасын орындау үшін, 2013 жылғы 8 қаңтарда «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) бекітілді. Бағдарламаны әзірлегенде Оникавтік хартия ғаламдық ақпараттық қоғамының (Окинава қ., Жапония, 2000 жыл), ақпараттық қоғам құру қағидатының Декларацияларының (Женева қ., Швейцария, 2003 жыл), Туннис міндеттемелері қызметінің Жоспарының (Тунис қ., Тунис Республикасы, 2005 жыл) негізгі ережелері, басқа да халықырылық құжаттар, сондай-ақ 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Президент Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Стратегиялық даму Жоспары ескерілді. Ақпараттық қоғам құрудың халықаралық тәжірибесіне және жоғарыда аталған құжаттардың ережелеріне сүйене отырып,

Бағдарламамен төрт негізгі бағыт анықталды:

1) Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;

2) Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) Әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамитын қоғамға арналған ақпараттық орта құру;

4) Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту. Осы бағыттар шеңберінде АКТ жаппай енгізу құралдарымен мемлекеттік басқаруды жетілдіру, «ашық» және «ұтқыр үкімет» құру, ақпараттық инфрақұрылым қолжетімділігін дамыту міндеттері шешілетін болады. Ақпараттық қоғамды дамыту адами ресуртардың дамуымен сүйемелденуі керек екенін ескеру қажет, Бағдарламамен электрондық білім арқылы ақпараттық технологиялармен жұмыс дағдыларын алу және игеру мүмкіндіктерін құру, электрондық денсаулық сақтау қолжетімді қызметтерін алу үшін жағдайлар қарастырылған.

Сондай- ақ, біздің еліміздің ашық, қолжетімді және бәсекеге қабілетті экономикасын құру мақсатында Бағдарламамен экономика салаларының негізін қалайтын интеллектуалдық жүйелерді барынша енгізу қарастырылған. АКТ дамыту бойынша қабылданған барлық шаралар жиынтығы тұрақты даму жағдайларын қамтамасыз ететін қағидаттарға ілесуі керек. 2014 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымымен 2015 – 2030 жылдар мерзіміне арналған тұрақты дамудың 17 мақсаты ұсынылды, олар 2000 жылы әлемдік көшбасшылармен қабылданған мыңжылдықты дамыту мақсатын ауыстырады. Соның ішінде, Бағдарламамен тұрақты инфрақұрылым құру бойынша тұрақты даму, жан-жақты және тұрақты индустриялауды және инновацияны жетілдіру мақсаттарының бірі есебінде жүзеге асыру қарастырылған. Ақпараттық қоғамға көшу саясатының тиімділігі әлеуметтік салада және экономиканың барлық салаларында АКТ кеңінен қолдану мемлекеттің және бизнестің күшін шоғырландыруға байланысты

Қазақстан өз кезегінде жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу процесіне барынша үлес қосуда. Сол себепті барлық қажетті шарттарды тудыру үшін «Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы әзірленген, олар біздің елдің ақпараттық қоғамға толыққанды ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ақпараттық қоғам Қазақстандық келешекте

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қоғамды жаңғыртудың маңызды факторлары адамдардың өмір сүру салтына, экономикалық көрсеткіштерге ықпалы АКТ қазіргі Қазақстан азаматтарының өмірі мен экономикасы үшін АКТ даму маңыздылығын сипаттайды.

Соңғы жылдары АКТ секторында Қазақстан маңызды серпін жасады.

Почта байланысы, телекоммуникация саласы және интернетке рұқсат белсенді дамып келеді.

Халыққа және бизнеске ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ қызметін жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуалды қабылдау, интернет-конференциялар арқылы халық пен мемлекеттің кері байланысы мен диалогының механизмдері іске асырылды. Бірақ ақпараттық қоғамды құру осымен аяқталмайды, үздіксіз жұмыс жүргізілуде.

Бағдарламада қол жетімді электронды денсаулық сақтаудың қызметтерін алуға, қашықтықтан жұмыс істеуге, өмірлік оқу және дайындық, электрондық білім арқылы ақпараттық технологиялармен жұмыстардың дағдыларын алуға және меңгеруге азаматтарға мүмкіндіктер тудыру үшін шарттар көзделген. Сондай-ақ біздің елдің неғұрлым ашық, қол жетімді және бәсекеге қабілетті экономикасын құру мақсатында Бағдарламамен экономиканың негізін қалайтын саладағы зияткерлік жүйелерді барынша көп енгізу көзделеді

Қазақстанның ақпараттық қоғамға ауысуын іске асырудың соңғы әрі шешуші кезеңі «Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы болады деп күтілуде.

«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасының негізгі мақсаты: ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ететін жағдайларды құру.

Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық революцияның тағы да бір кезеңі – адамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларына оның өмірін өзгертіп, ақпараттық қоғам, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамыған қоғамға көшуінің тұғырын және материалдық базасын құрайтын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) енгізумен сипатталады.

Әлемде мынадай үрдістер байқалуда:

  • АКТ-ның ықпалымен барлық қоғамдық институттар мен адамның қызмет ету салаларының өзгеруі;
  • Заманауи технологияларды әзірлеу, өндіру және енгізудің барлық салаларында алға басу;
  • Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың міндеттеріне бара-бар дамыған ақпараттық ортаны қалыптастыруға ұмтылу;
  • Халықтың ақпараттық қорларға тең құқылы кепілдендірілген қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Барлық деңгейдегі азаматтарды, қоғамдық институттарды, мемлекеттік билік органдары мен бизнесті ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау.

Ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ тәрізді дамыған елдерде әзірленіп іске асырылуда.

Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Дамыған мемлекеттердің стратегиялар мен бағдарламаларын талдау ақпараттық дамудың ұлттық стратегиясын қалыптастыру, ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады.

Біздің елімізге ақпараттық қоғамның құрамдас бөліктерінің тек біріне екпін жасалды: жоғары халықаралық рейтингтердің куәлік етуі бойынша сәтті іске асырылған электрондық үкіметті қалыптастыру және дамыту. Алайда, ақпараттық қоғамды қалыптастыру міндеті әлбетте тек электрондық үкімет пен телекоммуникация саласын дамытуға қарағанда кеңірек.

Сондықтан, ақпараттық қоғамға көшуге ықпалдастық жасайтын барлық қажетті жағдайларды жасау үшін және Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметік жаңғырту: Жалпыға ортақ қоғамдық еңбекке қарай жиырма қадам» атты 2012 жылғы 10 шілдедегі мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

Ақпараттық қоғамды құрудың халықаралық тәжірибесіне және жоғарыда аталған құжаттардың ережелеріне сүйене отыра Бағдарламаның төрт негізгі бағыты анықталды:

  • мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
  • ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • қоғамды әлеуметтік-экономикалық және медени дамытуға арналған ақпараттық ортаны құру;
  • отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасының негізгі мақсаты: ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ететін жағдайларды құру.

Бағдарлама міндеттері:

  • Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету.
  • Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  • Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру.
  • Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Нысаналы индикаторлар:

  • Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
  • «электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
  • Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
  • Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
  • Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;
  • елдің ЖІӨ-гі АКТ үлесі – 4%;
  • Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;
  • Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;
  • Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;
  • Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.
  • Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.
  • Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.

«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы

Нарық саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы әлемдік экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Ақпарат дәуірінде АКТ және ақпараттық инфрақұрылым жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен қызметтерді, жаңа ашылулар мен өнертабыстарды дайындауға ықпал жасайды, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отыра бизнес-үлгілерді ұйымдастыруды іргелі түрде қайта құрудың ғылыми-технологиялық кілті болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану, ең алдымен жыл санап артып келе жатқан аталған саладағы инновацияларды дамытудың өсіңкілік трендімен байланысты. Бүгінде Интернет, бұлыңғыр есептеулер, мобильді және мультимедиалық технологиялар, NFC, роботтар, виртуалды шындық және басқалары «ақылды» экономикасы бар елдердің міндетті атрибутына айналып отыр.

Адами капиталды дамыту

2006 жылы Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Көрсетілген бағдарлама, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар таралуының жоғары деңгейі және Интернеттің экономика, мемлекеттік басқару, азаматтардың күнделікті өмірі мен кәсіби қызметіне енуі өз нәтижесін берді және компьютерлік сауаттылық деңгейі 2008 жылғы деректер бойынша 18,7 %, ал 2011 жылғы деректер бойынша 47,4 % дейін өсті.

«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы

Алайда, тар мамандандырылған компьютерлік сауаттылыққа қатысты проблема орын алып отыр, дәрігерлер медицинада қолданылатын технологияларды жеткілікті деңгейде білмейді және біліктілікті арттырусыз телемедицинаға көше алмайды, көптеген оқытушылар электрондық оқыту жүйесін пайдалануды бастау үшін арнайы дайындықты қажет етеді және тағы сондай сияқты.

Білім мен ғылым саласы

Орта білім мекемелерінің білім беру процессіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:

  • білім беру барысында АКТ-ны пайдалану әдістемесі бойынша оқытушылар үшін АКТ бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру;
  • мүгедек балаларды жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау.

Жоғары оқу орындарының оқу процессіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:

  • ЖОО-лар жанында студенттердің ғылыми жұмыстарын іске асыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған зертханаларды ашу.

«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы

Білім беру процесстерін электрондық форматқа көшіру қарастырылады: материалдарды тарату, жаңалықтарды жариялау, оқушылардың өзара араласуы, барлық, мектепке дейінгі және жоғары оқу орындарында оқушылар мен оқытушылардың өзара жекелеген қарым-қатынас жасауы; білім беру процессіне мамандықтар бойынша нақты бір кәсіби қызметке арналған жаңа бағдарламалық шешімдері мен қосымшаларды тәжірибелік пайдаланудың негізгі машықтарына оқытуды енгізу.

Денсаулықты сақтау

Ақпаратттық технологияларды денсаулық сақтау саласына енгізу медициналық жәрдем көрстудің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру саласында бірқатар жобалар іске қосылып отыр. 2011 жылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі - ДСБАЖ) құру шеңберінде ДСБАЖ пилоттық аймағын ұйымдастыру бойынша жұмыстар аяқталды.

ДСБАЖ іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында «Емханаға жатқызу бюросы», «Бекітілген тұрғындардың тізілімі», «Есеп-тізілімдерді қалыптастыру» («Стационарлы емделушілердің электрондық тіркелімі»), Дәрігерлік-санитарлы көмектің ынталандырушы құраушысы» порталдары жұмыс істейді.

Электрондық коммерция

Бүгінгі таңда Қазақстан электрондық коммерцияны дамыту бойынша әлем мемлекеттерінен айтарлықтай артта қалуда (электрондық сауда көлемі 2011 жылы 260 миллион доллар немесе тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығының 0,4% құрайды, бұл Ресеймен салыстырғанда он есе кем, олардың аталған көрсеткіші 4 %). Бұл Интернет желісінің қазақстандық сегментінде пайдаланушылардың шеткі салмағының айтарлықтай кеш пайда болуымен түсіндіріледі.

Әлемдік саясат көрсетіп отырғандай, электрондық коммерция Интернет пайдаланушылардың саны халықтың жалпы санынан 20% артық болатын индустрияға айналып отыр және бұл 2-3 жылдай жалғасады.

«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы

Өнеркәсіп

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы жалпы көлемі 10 687 879 млн.теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 0,7% - ға жоғарлады.

Бүгінгі таңда ірі және орташа өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндіріс саны 1 848 құрайды.
Өнеркәсіп көрсеткіштерінің оң өсіңкілігіне қарамастан өнеркәсіп кәсіпорындарының өзінің өндірістік қызметінде жоғары технологияларды игеруінің төмен деңгейін атап өту қажет.

Агроөнеркәсіп

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында мынадай ақпараттық жүйелер қолданылады: «E-Аgriculture» агроөнеркәсіп кешені салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі, аграрлық саладағы электрондық сауда жүйесі, Электрондық астық қолхат жүйесі. Ағымдағы жылы 12 рұқсат беру қызметін автоматтандыру мен 4 лицензияны беру жүргізіледі.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы ауыл шаруашылығы саласында екі электрондық мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жалпы, осы салада жыл сайын шамамен 700 рұқсат қағазын береді, 2011 жылы берілген құжаттар саны 6 милионнан асты.

«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы

Экология

Қазіргі уақытта Қазақстанда атмосфераға газ және қатты түрдегі улылығы жоғары заттар көптен шығарылуда. Әр түрлі стационарлық көздерден шыққан қалдықтарының санын салыстыратын болсақ, оның шамамен 50 % жылуэнергия көздері, ал 33 % - тау-кен және түрлі-түсті металлургия саласы шығарады, ауа бассейнін және қоршаған ортаның өзге де құрамдауыштарын ластайтындардың тағы бірі – автокөлік болып табылады. Ол шығаратын зиянды қалдықтар, әсіресе, қалаларда, 25-тен 50 %-ға дейінді құрайды.

Туризм

2007-2010 жылдар бойы саланы дамыту Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына негізделді.
Осы кезеңде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жұмысы жүргізілді. 2008 жылы бірқатар заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.
Туризм саласында тұрақты негізде шетелдерде Қазақстанның имиджін, оның ішінде ақпараттық насихатты қалыптастыру жұмысы жүргізілгенін атап өткен жөн. Негізгі құралдар әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейне роликтерді жасау және жүргізу, ірі туристік көрмелерге қатысу болып табылады.

2009 жылғы басты имиджді оқиға Астанада 2009 жылғы қазан айында Дүниежүзілік туристік ұйымдардың (ЮНВТО) Бас ассамблеясының 18-сесссиясын өткізу болды. Оның жұмысына 146 мемлекеттен 700 астам делегат, ЮНВТО ұйымының мүшелері, сондай-ақ әлемдік БАҚ құралдарының өкілдері қатысты.

«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы

Бағдарламаны жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады:
1 кезең - 2013-2017 жылдар;
2 кезең - 2018-2020 жылдар.

Бірінші кезеңде (2013-2017 жылдар) мемлекеттік органдардың жаңа құрылымын құру, атап айтар болсақ, нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістерді енгізу қажеттілігі боынша қарастыру, типтік құрылымдарды әзірлеу, оларды пилоттық енгізуді бастау жоспарланады, «мобильдік үкімет» құрылады, «электрондық үкімет» порталы дамытылды, бұлыңғыр технологияларға көшуді ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу басталады.

Екінші кезеңде (2018-2020 жылдар) бірінші кезеңдегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылады, алдыңғы кезеңде қол жеткізілген нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру көзделеді.

«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы

Екінші кезең аяқталғандағы Бағдарламаның мақсаты – ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдайларды жасауға қол жеткізіледі.

«Ақпараттық Қазақстан 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты ақпараттық қоғамға Қазақстанның ауысуын қамтамасыз ететін шарттарды тудыру.

Бағдарламаны іске асыру мерзімі – 1-кезең: 2013-2017 жыл, 2-кезең: 2018-2020 жыл.

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде республика келесі шешуші көрсеткіштерге жетуі тиіс:

  1. Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
  2. «Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
  3. Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
  4. Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
  5. Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;
  6. елдің ЖІӨ-гі АКТ саласының үлесі – 4%;
  7. Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;
  8. Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;
  9. Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;
  10. Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.
  11. Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.
  12. Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.
  13. Дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына қатынасы бойынша көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтер үлесі, - 80 %.

Қазақстанда ақпараттық жүйені дамытуға өз үлесін Қытайлық компаниялар да өз үлесін қосуға мүдделі. Қытайдың «силикон жазығында» Қазақстанмен ақпараттық-телекоммуникация саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Негізгі міндеттер - мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін, инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Дипломат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, «қауіпсіз қала», «ақылды қала» құру, 4G және 5G мобильді интернет, ірі дерекқор құру саласындағы компанияның озық әзірлемелерімен танысты. «Huawei» вице-президенті Линь Жуйцимен кездесу барысында қазақстандық дипломат оны «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі жобасын іске асыруға белсенді қатысуға шақырды. Өз тарапынан Линь Жуйци «Huawei» Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға, Астанада өтетін ЭКСПО-ға дайындық және оны өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәжірибесімен бөлісуге ниетті екенін атап өтті. Оның айтуынша, корпорация ҚР-мен Қазақстан халқының кең жолақты интернетке қолжетімділігін қамтамасыз етуде ынтымақтасуға, сондай-ақ «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысуға мүдделі.

Қытайдағы Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышев жұмыс сапарымен ҚХР «силикон жазығы» деп аталатын Шэньчжэнь қаласында болып, «Huawei» корпорациясының штаб-пәтеріне барды.

«Елші компанияның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы, «Қауіпсіз қала» (Safe city), «Ақылды қала» (Smart city) құру, 4G және 5G мобильді интернетті қолдану, бұлтты есептесулерді қолдану (Cloud computing), ірі дерекқор құру (Data center) саласындағы компанияның озық әзірлемелерімен танысты», — делінген СІМ хабарында.

Huawei вице-президенті Линь Жуйцимен кездесуде тараптар ақпарат, телекоммуникация және интернет саласында екі ел компанияларының арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

«Huawei» вице-президенті Линь Жуйцимен кездесу барысында Ш.Нұрышев оны «Ақпаратты Қазақстан — 2020» мемлекеттік бағдарламасы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі жобасын іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Өз тарапынан Линь Жуйци «Huawei» Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға, Астанада өтетін ЭКСПО-ға дайындық және оны өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәжірибесімен бөлісуге ниетті екенін атап өтті.

Оның айтуынша, корпорация ҚР-мен Қазақстан халқының кең жолақты интернетке қолжетімділігін қамтамасыз етуде ынтымақтасуға, сондай-ақ «Ақпараттық Қазақстан — 2020» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысуға мүдделі.

Сонымен қатар инфрақұрылымдық дамытудың «Нұрлы жол» және телекоммуникация саласындағы «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасы бойынша жоғары деңгейдегі сапар аясында қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру туралы пікір алмасты.

Баспасөз қызметінің ақпарынша, «Huawei Technologies» корпорациясы 1987 жылы Шэньчжэнь еркін экономикалық аймағының аумағында құрылған, ол әлемдегі ең ірі телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды жеткізушілердің бірі болып табылады. Компания қызметкерлерінің саны 170 мың адамды құрайды. 2015 жылы «Top-500» рейтингінде корпорация әлемде 228-орынға тұрақтады. Компанияның ғылыми-зерттеушілік орталығы Қытайда, АҚШ-та, Үндістанда, Швецияда, Ресейде орналасқан. Компанияның операциялық кірісі 2015 жылы шамамен 60 млрд АҚШ долларын құрады.

KazInform порталына сілтеме жасап, айта кетейік. Осы жылдың 14 қарашасында Астанада Huawei ұйымдастырған Орталық Азиядағы Инновация күні өтіп жатыр. Тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл жиында 150-ден астам ғалымдар мен сарапшылар, таңдаулы мамандар бас қосып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму болашағын, «Цифрлық Жібек жолын» құру бастамасын талқылауда.

«Бұл біз үшін тарихи мүмкіндік. Бүгін Астанада ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тәсілдерін және қауіпсіз қала, ақылды ферма, ақылды байланыс және өзге де жобаларды құрудағы мобильді интернеттің әлеуетін талқылау үшін жиналдық. Алдағы 30 жылда Орталық Азия халықтарының өміріне үлкен өзгеріс енгелі тұр. Тұтас мемлекеттер ақпаратқа негізделіп, барлық салалар цифрлық сипатқа көшеді», - деді Huawei компаниясының вице-президенті Линь Жуйци Инновация күнінің ашылу салтанатында.

Салтанатты шара барысында Huawei өкілдері мен қазақстандық ЖОО басшылары компанияның «Жас өскін» жаһандық білім беру жобасын ресми түрде іске қосты. Бұл жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім алатын студенттердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға, білім көкжиектерін кеңейтуге бағытталған.

Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Қазақстанның жетекші екі оқу орны - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен IT-университет студенттеріне грант сертификаты табыс етілді. Яғни, 2018 жылы аталған оқу орындарының ең үздік 10 студенті іріктеліп алынады және Huawei-дің Шэньчжень қаласындағы штаб-пәтерінде тағылымдамаға жіберіледі.

Huawei компаниясы жыл сайын жалпы табысының 10 пайызын ғылыми зерттеу жұмыстары мен білім беру бағдарламаларына қолдау ретінде жұмсайды. Соңғы 10 жылда компания бұл мақсатқа 45 млрд АҚШ долларын бөлген. ЖОО студенттеріне арналған Huawei-дің «Жас өскін» бағдарламасы 2009 жылы бастау алған. Дәл осы бағдарлама арқылы 9 жылға жуық уақыт ішінде әлемнің 90 елінен келген 20 мыңнан астам студент кәсіби біліктіліктерін шыңдаған.

Ақпараттық технологиялардың медиа саласында дамуы

Ал енді ақпараттық медианың отандық платформасының дамуы туралы айтатын болсақ, жаһандану немесе глобализация (ықпалды қызмет атқарушысы: жаңа ақпараттық технология, интернет журналистикасы, ақпараттық қатынастың жаңа құралдары мен бағыттары).

Бұқарасыздандыру немесе демассовизация (дәстүрлі БАҚ-тың ақпарат қабылдаушылары азайып, олардың түрлі топтарға бөлінуі, аудитория үшін таңдау жасау мүмкіндіктері кеңейгендіктен ақпарат қабылдаушыларды мақсаттарына қарай анықтау мүмкін болмауда).

Орталықтандырылу немесе конгло-мерация (БАҚ-тардың бір қолға шоғырлануы қарқын алып, бір ақпарат бірнеше арна арқылы көпке тарайтын болды)

Ұқсастырылуы немесе конвергенция (БАҚ атаулының өзара жақындасуы, ұқсастық табуы, тың технологияның нәтижесінде жаңасы мен дәстүрлі ақпарат құралдары арасындағы айырмашылықтардың азаюы, екеуінің де қосарлана қолданылу үрдістері)

Қазіргі кездегі қазақ медиа жүйесінде жоғарыда аталған бағыттар белгілі деңгейде көрініс тауып отыр. Кей жағынан қарқынды өрістеу бағыты байқалып отырғанын анық аңғаруға болады. Олардың әрбіріне жеке-жеке тоқталайық: Жаһандану үрдісі қазақ журналистикасында қалай көрініс тауып отыр? Бүгінде бізде БАҚ тек сан жағынан ғана өсіп отырған жоқ. Ақпарат құралдарының жаңаша түрлері де пайда болуда. Атап айтсақ, онлайн баспасөз, кабелдік телевизия, қысқа толқынды радио, смартфон немесе ұялы байланыстар арқылы ақпарат тарату, мобайлдық ақпарат қабылдау мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар медиа жүйесі өз ішінде интернет журналистика, із кесу журналистикасы, азаматтық журналистика, БАҚ жарнамалық насихаты, экономикалық және, экологиялық журналистика, талдау журналистикасы т.с.с. бағыттарға бөлінді.Мұның бәрі қазақ аудиториясы үшін әлемнің әр тарабынан түрлі ақпараттар қабылдауға және жеткізуге, өздерінің көзқарастары мен ой, пікірлерін интернет арқылы көпке жеткізуге кең мүмкіндік беріп отыр. Қысқасы, ақпарат үшін уақыт пен кеңістік ұғымына тәуелділік барынша азайды, тіпті жоғалды деуге де болады. Мысалы, телекөрермендер кабелдік телевизияның 70-тен астам арнасы арқылы бірнеше тілде ақпарат алып отыр. Қазақстанда бүгінде 9 миллион адам Интернет қызметін пайдаланады. Елімізде күніне 25-30 мың адам электронды үкімет қызметіне жүгінеді екен. Мұның бәрі ақпараттық жаһанданудың қаншалықты жоғары қарқынмен жүріліп жатқанын айғақтайтын шынайы көрініс.

Ақпараттық сұранысты өтеудің жиілігі осыншалық тұтасып, қарқынды өсуі қазақ журналистикасына елеулі ықпал етіп отырғанын ерекше атап айту ләзім. Ең алдымен ерекшелеп айтарымыз, таңдау мүмкіндігі мейлінше артты. Нәтижесінде, БАҚ арқылы ақпарат қабылдаушылар бірнеше топқа бөлінді. Оларды жас ерекшеліктеріне, кәсіби мамандықтарына, білім деңгейлеріне, әлеуметтік сипаттарына қарай бірнеше топтарға бөлуге болады. Онлайн журналистикасының қарқынды дамуы дәстүрлі мерзімді баспасөздің оқырмандарын азайтып, олардың таралымын кемітті. Әсіресе, жастардың арасында газет-журнал оқитындардың саны күрт төмендеді. Олардың ең негізгі тұтынатын дүниелері интернет, телевизияның ойын-сауықтық бағдарламалары болып тұр. Күнделікті және апталық сапалы газеттердің оқырмандары жасамыс егде адамдарға айналды. Сонымен қатар, блогерлер де өз оқырмандарын тапты. Сайт, порталдардың саны күн өткен сайын артып келеді және оған деген оқырман қауымның назары мен ынта-ықыластары да айырықша. Сонымен қатар конвергенциядан да біздің медиа саламыз тыс қалып отырған жоқ. Оның өзі бір ақпарат құралының БАҚ-тың әртүрлі сипаттарын өн бойына қатар сіңіріп, таратып отырған ақпараттарымен, оны дайындау тетіктерінің өзінде ұқсастырылу үрдісінің кең өріс алуы болып табылады. Мұндай үрдіс соңғы жылдары елеулі түрде қарқын алып келеді. Оған ықпал етіп отырған басты фактор жаңа ақпараттық технологиялар. Медиа қызметіне сандық технологияның енгізілуі арқылы интернет жүйесі кино мен телевизияның қимыл-қозғалысын, іс әрекетін, радионың дыбыс-дауысын, фотожурналистиканың бейнелеу тетіктерін, мерзімді баспасөздің мәтіндік барлық нұсқаларын, онлайн кітап, құралдарды және пошталық байланыстың барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланатын болды. Барлық газет-журналдар дерлік өздерінің интернеттік нұсқаларын жасап алды. Радио мен телеарналар да бағдарламаларын интернет арқылы ақпарат қабылдаушыларға ұсына алатын жағдайға жетті. Мұның бәрі ақпараттық кеңістік пен уақытқа тәуелділікті азайтып, оның жеделдігі мен баршаға ортақ болу мүмкіндігін кеңейтті. Нәтижесінде, ақпараттық сыйымдылықтың көлемі едәуір артумен қатар БАҚ-тың интерактив сипатын қарапайым көрініске айналдырды. Олар ақпарат қабылдаушылармен кері байланыс жасап, пікірлесетін мүмкіндікке ие болулары арқылы азаматтық журналистиканың дамуына кең жол ашты.

Мәселені түйіндей келе мынандай қорытындыға келдік: Біріншіден, әлемдік медиа жүйесінің даму тенденциясы қазіргі қазақ журналистикасына елеулі түрде ықпал етіп келеді. Нәтижесінде, БАҚ жүйесінде, оның туындыларының мазмұнында, жанрларында, жазу шеберліктерінде елеулі өзгерістер пайда болды. Дүниежүзілік демократиялық журналистика дәстүріне бет бұрушылық көрініс тауып келеді. Екіншіден, қазақ баспасөзі либертариялық журналистикаға қатты бой ұрып кетпесе де белгілі деңгейде жасалып жатқан оң қадамдар баршылық. Алайда, шешімін таппаған мәселелер де шаш етектен. Үшіншіден, Қазақ журналистикасының 100 жылдан астам тарихи даму дәстүріндегі озық үлгілерін сақтай отырып, оны қазіргі заман талаптарымен сабақтастырып дамытуға мерзімді баспасөз саласы жіті назар аударып келеді. Төртіншіден, Қазақстанда БАҚ сан жағынан аздық етіп тұрған жоқ. Алайда, қоғамдағы ақпараттық сұранысты қамтамасыз етуге келгенде артта қалушылық байқалуда. Ұлттық және коммерциялық телеарналардың бәрі дерлік кешкі жаңалықтар шығарылымдарында бір ғана оқиғаны, жалғыз синхронды алма кезек қайталаудан аса алмай отыр. Сондықтан, саннан сапаға көшуді қолға алатын уақыт жетті.

Жаңа мыңжылдықтағы ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы нәтижесінде, ғаламтор әлемдік сипатқа ие болып, таралымы мен тағылымы зор құбылысқа айналды; заманымыздың бүкіл болмысын айқындайтын ортақ құндылық болып қалыптасты. Сөйтіп, ғаламтор қоғамдық өмірдің барлық саласына дендеп енді: саясат пен экономика, әлеумет, мәдениет пен өнер, тіпті, жұмырбасты пенденің күнделікті тұрмыс-тіршілігі де желімен тығыз байланысып, біте қайнасып кеткендей. Әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына ғаламат әсер етіп, соны сатыға көтерді. Ғаламтор ақпарат ағынының тиегін ағытты, әлемдік ақпараттық кеңістікті қалыптастырып, шеңберін кеңейтті, журналистиканың тың саласы – жаңа медианы жасады. Бұл үдеріс Қазақстанның ақпараттық кеңістігін де айналып өтпеді. Әлі өзіндік бет-бейнесі дұрыс қалыптаспай тұрып, отандық БАҚ интернет-журналистика, яғни, жаңа медианың оң және теріс әсерінен соңғы жылдары орасан зор өзгеріске ұшырауда. Алайда, әлемдік жаңалықты жақсы-жаманын сұраптамастан сіңіріп алғанымыз жарамас-ты. Сондықтан, жаңа медианың отандық БАҚ, ақпараттық кеңістікке ықпалын сараптап алу керек.Бұқаралық коммуникация құралдары ғасырлар иірімінде қарыштап дамыды. ХV ғасырда − кітап, ХVІ − газет, ХVІІ ғасырда журнал жарыққа шықты. ХХ ғасырда радио мен телевизияның жасалуы ақпарат саласында орасан зор толқыныс тудырса, ал, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған Интернет пайда болды. Бұл жайт БАҚ-ның дамуына катализаторлық ықпал етіп, өнімділігін, пәрменділігін арттырды, жаңа медиаға жол ашты. Көне түркі жазулардан бастау алып, заман көшінен қалмай, өскелең дәуірге өзінше үн қосып келе жатқан қазақ журналистикасы да бұл жаңалыққа тосырқай қарамады. Қазақ интернет-журналистикасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, нақтырақ айтқанда, 1995 жылы қалыптасты.

Сөйтіп ондаған жылдың ішінде отандық интернет желісі -Қазnet-тің үлкен бір саласына, бір сегментіне айналды. Қазnet-тің жандануы нәтижесінде жаңа медиа арналары дамыды: көптеген БАҚ дәстүрлі түрден заманалы мәтіндер мен құрылымдарға ауысты, қазақтілді контенттер мен аудиовизуалды ақпарат көлемі артты, таралу ауқымы кеңейіп, қолжетімді бола түсті. Жаңа медианың журналистикаға ықпал-әсерін екі тарапта қарастырған жөн. Ғаламтор арқылы қазақтілді ақпарат алаңдары: порталдар, сайттар, форумдар мен блогтар қазақ аудиториясына тікелей бағытталып жатыр. Қазақ тілді домендер мен хостингтердің саны күннен күнге артып келеді. Қазақтілді интернет-аудитория қалыптасып, бүгінде олардың саны молайды. Жаңа медиа қоғамда журналистиканың жаңа формасын туғызды. Ол құбылыс азаматтық журналистика, интернет-журналистика деген атпен танымал. Жаңа медиа ақпараттың мәтінге тәуелділігін жойды. Себебі, мультимедиялық, графикалық ақпараттың таралуы мәтіндік жүйенің баламалы тенденциясына айналды. Түсінікті де қысқа гипермәтіндер, газет-журнал мәтіндерінің қатталуы, радиотелевизия және баспасөз мұрағаттың қолжетімділігі, іздеу жүйесінің ыңғайлылығы, интерфейстің тартымдылығы бұқаралық ақпарат құралдарын ыңғайлы ете түсті.

Жаңа медиа қоғамдағы демократиялық үдерістердің дамуына оң үлес қосуда. Цензураның құрсауын белгілі бір межеге дейін жойды. Интернет БАҚ-тардағы аудиториямен байланыстың оңтайлы әдістерінің болуы ақпарат тұтынушыларының ой мен сөз еркіндігіне мүмкіндік берді. Аудиториямен тығыз қарым-қатынас орнату ісі: оларды медиа ісіне тарту, қоғамдық мәселелерді талқылауға қатыстыру жаңа медианың әлеуметтік маңызын арттыра түсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть