АҚШ ауыл шаруашылық министрлігі қазақстандық бидай өндірісі мен экспортына қатысты болжамын төмендетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ ауыл шаруашылық министрлігі қазақстандық бидай өндірісі мен экспортына қатысты болжамын төмендетті

АҚШ ауыл шаруашылық министрлігі қазақстандық бидай өндірісі мен экспортына қатысты болжамын төмендетті

АҚШ ауыл шаруашылық министрлігі ақпан шолуында биылғы ауыл шаруашылық жыл бойынша (2013 жыл шілде- 2014 жыл маусым ) Қазақстанға қатысты бидай өндірісі болжамын қазіргі 15,5 млн тоннадан 13,94 млн тоннаға дейін төмендетті.

  • 12 Ақпан 2014
  • 2012
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық бидай экспортының де бағалануы 8 млн тоннадан 6,5 млн тоннаға дейін төмендетілді.

Бидай импортының болжамы өзгерген жоқ, 10 мың тоннаны құрады.

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда өткен жылы 20,9 млн тонна астық бастырылған.

Қазақстанда 2012 жылы 12 млн 864,8 мың тонна бидай мен бұршақты дақыл жиналды — 2011 жылғы деңгейдің 47,7%.