Жарияланды: 480

АҚШ Энергетика министрлігінің есебінен кейін мұнай бағасы аспандап кетті

22 маусым күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтардағы бағасы күрт көтерілді.

Сарапшылардың айтуынша, оған АҚШ Энергетика министрлігінің елдегі мұнайдың коммерциялық қорының азайғаны туралы есебі себеп болып отыр, деп хабарлайды РБК аненттігі. Атап айтқанда, Лондон сауда биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 3,26 долларға қымбаттап, 114,21 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 1,24 долларға көтеріліп, 95,41 доллар/баррельге жетті. Сәрсенбі, 22 маусым күні АҚШ Энергетика министрлігі, 11-17 маусым аралығында елдегі шикі мұнайдың коммерциялық қоры 1,71 миллион баррельге төмендеп, 363,84 миллион баррельді құрағанын хабарлаған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін