— Кличконың жоспары біздің ойымыздағыдай, сондықтан оны премьер-министр ретінде қарастыруға болады.
— Кличконы Үкіметке жақындату дұрыс бола қоймас, өз басым қарсымын. Оны ойыннан шет қалдырайық, бірақ өз саяси жұмысын жалғастыра берсін.
— Яценюктың экономикадан хабары бар, ол жақсы үміткер болуы мүмкін. Мәселені тез шешу керек.
— Еуроодақпен санасу керек шығар?
Ұзақтығы 4 минуттан асатын жазбада АҚШ дипломаттары оппозицияны «майданның қуыршақтары» деп бастап, кейін тікелей балағаттайды. Еуроодақты да жерден алып жерге салған. Украинадағы жағдайды БҰҰ арқылы шешу керек деген Нуландқа Еуропалық одақтың ұстанымы ұнамаса керек. Әзірге бұл жазбаға қатысты Вашингтон тіс жарған жоқ. Тек Виктория Нуландтың өзі кешірім сұрады. Ал оның көмекшілері жазбаны ғаламторға әдейі таратқан ресейлік «тыңшылар» деп отыр.