АҚШ климат бойынша Париж келісімінен шығуы мүмкін. - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ климат бойынша Париж келісімінен шығуы мүмкін.

АҚШ климат бойынша Париж келісімінен шығуы мүмкін.

АҚШ климат бойынша Париж келісімінен шығуы мүмкін. Бұл туралы америкалық бұқаралық ақпарат құралдары хабарлайды.

  • 1 Маусым 2017
  • 381
Фото - Caravan.kz


Мәлім болғаны, Вашингтон қазір тиісті құжатты дайындап жатыр. Айта кеткен жөн, Париж келісімі атмосфераға бөлінетін көмір қышқыл газының мөлшерін азайтуды көздейді. Оны 195 мемлекет бекітіп, қол қойған. Құжатты әлемнің тек 2 елі – Сирия мен Никарагуа ғана қолдаған жоқ. Жалпы, ғаламшарда ауаға бөлінетін көмір қышқыл газы мөлшерінің 14 пайызы АҚШ-қа тиесілі. Америкалықтар бұл көрсеткіш бойынша, әлемде Қытайдан кейін екінші орында тұр. Алайда Дональд Трамп сайлауалды науқаны кезінде Париж келісімінен шығуға уәде берген болатын. Президенттің айтуынша, құжат өнеркәсіптік өндіріс өсімін шектейді.