АҚШ мектептерінде Эбола қаупінен сабақтар тоқтатылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ мектептерінде Эбола қаупінен сабақтар тоқтатылуда

АҚШ мектептерінде Эбола қаупінен сабақтар тоқтатылуда

Америкалық мектептер Эбола безгегі вирусының таралу қапуіне байланысты жабылуда.

  • 17 Қазан 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы The Washington Post хабарлады.

Ұшақ бортында Эболаны жұқтырған медбикемен бірге 132 жолаушы болды деген хабарламадан кейін кейбір мектептер ғимаратты залалсыздандыру үшін сабақты тоқтата тұруға ұйғарды.

Сабақты уақытша тоқтатқаны туралы Солон қаласының, Огайо штатының екі мектебі және Белтон қаласындағы, Техас штатындағы үш мектеп хабарлады.

Бұдан бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Изабель Нутталл Эбола вирусын 427 медициналық қызметкер жұқтырып, тағы 236-сы қайтыс болғанын мәлімдеген болатын.