АҚШ пен Куба 50 жылдан кейін қайта дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ пен Куба 50 жылдан кейін қайта дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтіруде

АҚШ пен Куба 50 жылдан кейін қайта дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтіруде

 Кубада бес жыл бұрын 15 жылға сотталған АҚШ азаматы Алан Гросс түрмеден шығарылды, деп хабарлайды хабар.кз.

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 337
Фото - Caravan.kz

Оны спутниктік жабдықтарды заңсыз тасымалдады деген айыппен қамауға алған болатын.

Куба мен Америка Құрама Штаттары арасындағы диалог үшін осы жағдай негізгі кедергілердің бірі болып келді. Сонымен қоса, Вашингтон Гаванада жақын арада АҚШ елшілігі ашылуы мүмкін екенін хабарлайды. Ал Флоридада тыңшылық үшін тұтқындалған үш кубалық абақтыдан босатылды.

Сондай-ақ, АҚШ және Куба арасындағы банк және сауда қарым-қатынастары да қалыпқа келуі мүмкін. Жақын арада Кубадағы мемлекеттік кеңестің төрағасы Рауль Кастро Гавана мен Вашингтонның өзара қарым-қатынасы туралы ресми мәлімдеме жасайды деп күтілуде.


Айта кетейік, екі ел 1961 жылдан бері 50 жылдан астам уақыт қарым-қатынас жасаспаған.