АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы әскери-саяси шиеленіске әкелуі мүмкін – сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы әскери-саяси шиеленіске әкелуі мүмкін – сарапшы

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы әскери-саяси шиеленіске әкелуі мүмкін – сарапшы

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Руслан Изимов АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы әскери-саяси шиеленіске әкелуі мүмкін деген пікірін айтты.

  • 13 Қараша 2018
  • 38
Фото - Caravan.kz

«Біз жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша АҚШ пен Қытай арасындағы қарама-қайшылықтың ушығу тәуекелі бірінші орынға шықты. Бұл биылғы жылы сауда соғысы экономика шегінен шығады дегенге саяды. Қазіргі Қытай жақтағы аумақтық қарама-қайшылықтарды ескере отырып, біз айтып отырған тәуекел келесі жылы басқа деңгейге шығуы мүмкін. Өздеріңіз білесіздер, Вьетнам, Филиппин Қытайдың шекарасының кеңеюіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Өз кезегінде аталған елдер АҚШ-тан қолдау көруде. Әрине, біз АҚШ пен Қытай арасында қақтығыстар болмайды деп ойлаймыз. Дегенмен, әскери-саяси салада белгілі бір шиеленіс болуы мүмкін», — деді Руслан Изимов елорада өтіп жатқан «Астана клубы» отырысының кулуарында.

Сарапшының айтуынша, қазір осы бағытта шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, кеше және бүгін «Астана клубы» отырысындағы Қытай мен АҚШ өкілдері келіссөз жүргізу жолын таңдады. Олар сыртқы істер министрліктері арасындағы, Қытайдың мемлекеттік кеңесі мен АҚШ мемлекеттік департаменті арасындағы каналдар мен байланыстарды жаңғырту жолын таңдап отыр.

«Негізі, біз бұл процесті көріп отырмыз. Жақында ғана АҚШ жаңа әрекеттер жоспарын ұсынғаны жөнінде аңдатпа жасалды. Бұл жоспар алдағы уақытта G20 саммитінде талқыланбақ. Қандай да бір дағдарыстың туындауы сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл туралы жақында біздің президент Нұрсұлтан Назарбаев та айтқан болатын. Шынын айту керек, Қазақстан алдында белгілі бір мүмкіндіктер ашылады. Бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы саласында. Өздеріңіз білесіздер, Қытайға қатысты санкциялардың көбі ауыл шаруышылығына қатысты болған. Мәселен, Қытайдың дәнді дақылдарды импорттауына және т.б. қатысты болған еді. Дәл осы тұста бізде басымдық бар. Негізінде, бұл мәселемен қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі айналысып жатыр. Яғни, біздің ауыл шаруашылығы өнімдеріміздің Қытайға экспорт көлемін арттыру бойынша жұмыс атқарылып жатыр», — деді Изимов.

Маманның пікірінше, екі ірі экономиканың, әлемнің бірінші және екінші экономикасының бір-біріне қарсылығы дүние жүзіне, Еуразия елдеріне кері әсерін тигізеді. Себебі, бұның салдарынан әлемдік экономика баяулайды. Қытайға қатысты шаралар қабылдау және Қытайдың АҚШ-тан импортталатын тауарларға қатысты жауап ретіндегі әрекеттері кері әсерін тигізбей қоймайды. Бұндай шараларды бірқатар Еуропа елдері де қабылдауға мәжбүр. Яғни, сауда соғысы риторикасы көптеген залалға әкеледі. Кейін бұдан ұзақ уақыт бойы арылу керек болады. Сондықтан, институт сауалнамасына қатысқан сарапшылар, бүгін елордадағы «Астана клубы» отырысына қатысып жатқан мамандар 90-шы жылдардың ортасынан бүгінгі күнге дейінгі жаһандану процесін қолдап отыр.


Соңғы жаңалықтар