АҚШ прокурорлары Джохар Царнаевқа өлім жазасын сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ прокурорлары Джохар Царнаевқа өлім жазасын сұрап отыр

АҚШ прокурорлары Джохар Царнаевқа өлім жазасын сұрап отыр

АҚШ Әділет министрі – бас прокурор Эрик Холдер былтыр сәуір айында Бостондағы марафонда

  • 31 Қаңтар 2014
  • 240
Фото - Caravan.kz

жарылыс жасаған күдіктінің айыбы мойындалса, оның өлім жазасына кесілуіне барын салады. Бұл туралы британдық Би-би-Си телерадиокорпорациясы хабарлады.

Прокуратура болжамы бойынша, Джохар Царнаев пен оның ағасы Тамерлан қолдан жасалған жарылғыш заттарды марафонның мәре сызығына орнатқан. Салдарынан үш адам көз жұмып, 260-тан астам адам жарақат алды.

Д.Царнаевқа 30 тармақ бойынша айып тағылып отыр. Оның 17-сі бойынша өлім жазасы кесілуі мүмкін.


Алайда Д.Царнаев кінәсін мойындаған жоқ.

Ағайында Царнаевтар АҚШ-қа 2000 жылдары көшіп барған. Т.Царнаев жарылыстан соң бірнеше күннен кейін полициямен атысып көз жұмды.