АҚШ қазақстандық банктерге қатысты FATCA санкцияларын уақытша тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ қазақстандық банктерге қатысты FATCA санкцияларын уақытша тоқтатты

АҚШ қазақстандық банктерге қатысты FATCA санкцияларын уақытша тоқтатты

Екіжақты келісімге қол қойылғанша АҚШ тарапы қазақстандық банктерге

  • 3 Тамыз 2015
  • 490
Фото - Caravan.kz


«шетелдік шоттарды салықтық бақылау туралы» (FATCA) заңының ережелеріне сәйкес айыппұл салуды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Қазақстандағы АҚШ елшілігінен. 

«АҚШ-тың «Шетел шоттарын салықтық бақылау туралы» заңы (FATCA) талаптарына сәйкес шетел қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілері шоттарының бар-жоғына бақылауды жүзеге асыруға және сол шоттар туралы АҚШ Қазынашылығын хабардар етуге міндетті. Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының үкіметтері АҚШ азаматтары туралы осындай ақпарат берудің жолдарына қатысты екіжақты келісімді парафирлеген, ал біз түпкілікті келісім бойынша жұмыс жасауды жалғастырып отырмыз. FATCA ережелері 2015 жылғы 1 қазанда заңды күшіне енетініне қарамастан, АҚШ пен ҚР арасында соңғы келісім жасалмағанша, Америка Құрама Штаттары FATCA ережелерін бұзған қазақстандық банктерге айыппұл салуды уақытша тоқтатты», делінген хабарламада.