АҚШ Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған қадамдарын жоғары бағалайды - АҚШ конгрессінің мүшесі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған қадамдарын жоғары бағалайды - АҚШ конгрессінің мүшесі

АҚШ Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған қадамдарын жоғары бағалайды - АҚШ конгрессінің мүшесі

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған қадамдарын жоғары бағалайды. Бұл туралы АҚШ конгрессінің мүшесі Алси Хастингс бүгін баспасөз мәслихатында мәлім етті,деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Шiлде 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Мұнайдың бағасы кейінгі уақытта шарықтау шегіне жеткенін ескере отырып, біз Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған және әртараптандыру мен оны әлемдік нарыққа тасымалдау бағытындағы қадамдарын жоғары бағалаймыз», — деді А. Хастингс.

«Сонымен бірге, мен Қазақстанның өнеркәсіптің шикізат өндіру саласындағы ашықтық бастамасының аясындағы күш-жігеріне риза боламын және Қазақстан осы бастамаға кіретін елдердің кандидатураларына қойылатын ең минималды талаптарға сай келеді деп ойлаймын», — деді конгрессмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті