АҚШ Қырым референдумының нәтижелерін ешқашан мойындамайды – Обама - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қырым референдумының нәтижелерін ешқашан мойындамайды – Обама

АҚШ Қырым референдумының нәтижелерін ешқашан мойындамайды – Обама

АҚШ президенті Барак Обама ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімелесті.

  • 17 Наурыз 2014
  • 450
Фото - Caravan.kz

Онда Ақ үй басшысы АҚШ билігінің Қырым мәртебесі жөніндегі референдум нәтижелерін мойындамайтынын мәлім етті, деп хабарлайды АҚ үйдің баспасөз қызметі.

"Президент Обама Қырым референдумының Украина Конституциясын бұзатынын және оны АҚШ пен халықаралық қоғамдастық ешқашан мойындамайтынын атап өтті", — делінген хабарламада.

"Ресейдің іс-әрекеті Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіреді және біз ерупопалық әрептестермен бірге Ресейді осы әрекеттер үшін өкінтуге дайынбыз" дейді ол.

Сонымен қатар, Б.Обама "дағдарыстан бейбіт жолмен, Ресейдің де, Украинаның да мүдделерін ескере отырып шығуға болатынын" алға тартады.


Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей басшысы Владимир Путин Б.Обамаға Қырымдағы референдумның халықаралық құқық талаптары мен БҰҰ Жарғысына сай өткізілгенін мәлімдеген.