АҚШ Ресеймен әскери ынтымақтастығын үзуде - Пентагон - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Ресеймен әскери ынтымақтастығын үзуде - Пентагон

АҚШ Ресеймен әскери ынтымақтастығын үзуде - Пентагон

Пентагон Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Ресеймен кез келген әскери қатынастарын үзуде. Бұл туралы бүгін британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы АҚШ әскери ведомствосының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлімдед

  • 4 Наурыз 2014
  • 428
Фото - Caravan.kz

Барлық бірлескен оқу-жаттығулар, келіссөздер, сапарлар мен конференциялар уақытша тоқтатылады.

«Біз Ресейді Украинадағы дағдарысты өршітпеуге, Қырымдағы ресейлік жасаққа Ресейдің Қырымдағы Қаратеңіз флотындағы жағдайды реттейтін келісімге сәйкес талап етілгендей базаға кері оралуға шақырамыз», — деп Пентагон баспасөз хатшысы контр-адмирал Джон Кирби мәлімдеді.


Пентагон АҚШ-тың Еуропа мен Ортатеңіздегі қарулы күштер стратегиясы Украинадағы жағдайға байланысты қандай да бір өзгерістерге ұшырамағанын атап көрсетті.