Жарияланды: 400

АҚШ сенаты Пентагонның жаңа басшысының кандидатурасын мақұлдады

АҚШ конгресінің сенаты Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры Леон Панеттаны АҚШ Қорғаныс министрі етіп тағайындауды жақтап дауыс берді, деп британдық Би-Би-Си телерадиокорпорациясы мәлімдеді. Ол 30 маусымда осы қызметтен кететін Роберт Гейтстің орнына келеді. Ал Л.Панеттаның орнына Орталық барлау басқармасына басшы болып НАТО-ның Ауғанстандағы әскери күшін басқарушы генерал Дэвид Петреус келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін