Ақша айырбастау орындарында қазақстандықтардың жеке мәліметін тіркейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақша айырбастау орындарында қазақстандықтардың жеке мәліметін тіркейтін болады

Ақша айырбастау орындарында қазақстандықтардың жеке мәліметін тіркейтін болады

Ұлттық банк валюта айырбастау пункттеріне валюталық операциялар кезінде қазақстандықтардың жеке мәліметтерін тіркеуді міндеттейді.

  • 6 Тамыз 2019
  • 8
Фото - Caravan.kz

Осы мақсатта 51-тармаққа мынадай түзетулер жазылмақ:

«Әрбір айырбастау операциясы үшін тіркеу журналында келесі ақпарат жазылады: клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) (аты, әкесінің аты толық көрсетілген), құжаттың түрі, шығарылған күні, құжат нөмірі, қолданылу мерзімі); клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса); клиенттің заңды мекен-жайы.

Автоматтандырылған айырбастау пункті үшін бір рет жүргізілген айырбастау операциясының сомасы 500 000  баламасынан аспауы керек.


Бұған дейін Ұлттық банк айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын таңғы 10-дан кешкі 19-ға дейін шектемекші болғандығы туралы хабарланды.

Соңғы жаңалықтар