Ақша жеген лауазымды қызметкерлерін Школьниктің өзі ұстап берген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақша жеген лауазымды қызметкерлерін Школьниктің өзі ұстап берген

Ақша жеген лауазымды қызметкерлерін Школьниктің өзі ұстап берген

«Қазатомөнеркәсіп»-тің топ-менеджерлерін өз  басшылары ұстап берген.  Бұл туралы бүгін  ұлттық компанияның төрағасы Владимир Школьниктің өзі айтты. Оның сөзінше, «Қазатомөнеркәсіп» мекемесінің еншілес компаниясын тексеруге қаржы полициясы бірінші басшысының ұсынысынан кейін араласқан екен.

  • 4 Сәуiр 2014
  • 183
Фото - Caravan.kz


Владимир Школьник, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК  басқарма төрағасы:

-Былтыр Қаржы полициясына өзіміз хабар бергенбіз. Мердігер құрылыс компаниясы біздің елшілес серіктестіктің тапсырысын орындаған жоқ. Ал ішкі тексеріспен айналысу біздің құзырымызға кірмейтін.

Осы аптада қаржы полицейлері «Қазатомөнеркәсіп» мекемесінің бір топ менеждері — басқарма директоры Валерий Шевелев пен «Қазамтомөнеркәсіп — Демеу» компаниясының директоры орынбасары Серік Әбдіразақовты, сондай-ақ «Сырдария жобалау құрылыс» құрылыс компаниясының басшысы Розмат Әлібековті қамауға алған болатын. Бұл қызметкерлер мектеп, аурухана құрылысы сияқты әлеуметтік нысандарға деп бөлінген 1,5 миллиард теңгені қалтаға басқан. Қылмыстық топқа Шевелевтің өзі жетекшілік еткен деген күдік бар. Ұлттық компанияның алдыңғы басшысы Мұхтар Жәкішев те ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін 14 жылға сотталған еді.