Сәуле Бұршақбаева, мұғалім:
— Жұмыс істетпейміз! Сондай жағдайдан кейін бүкіл ауыл келді. Ауыл қариялары келіп, үйге дейін жатыр. Мыналарың сұмдық қой, осындай пара алғаннан кейін сендер қалай жұмыс істейсіңдер деп жатыр. Оқушылар келіп, бізге күліп жатыр.
Айта кетсек, кеше Алматы іргесіндегі Қошмамбетов орта мектебінің бүкіл мұғалімі директордың ақша жинайтынын айтып шу көтерген. Ұстаздардың қолында, тіпті, пара алу мезеті анық түсірілген кадрлер де бар. Төбесінен жай түскендей болған Қарасай аудандық білім бөлімі дереу қызметтік тексерісті бастап кетіпті. Тіпті шу шыққан мектепте жиналыс ашқан. Онда ашынған ұстаздар білім бөлімі басшылығының көзінше, директордың кетуін бірауыздан тағы да талап етті. Масқарасы шыққан Анар Болымбетоваға ақыры сол жерде шешім қабылдауға тура келді.
Анар Болымбетова, мектеп директоры:
— Мен өз еркіммен жұмыстан кетем.Тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездеседі, ертеңгі күні тағы біре кездесермі сіздерге сәттілік, ақ жол!