АҚШ-та гей-клубта болған лаңкестік құрбандарын еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та гей-клубта болған лаңкестік құрбандарын еске алды

АҚШ-та гей-клубта болған лаңкестік құрбандарын еске алды

 

  • 13 Маусым 2016
  • 390
Фото - Caravan.kz

Вашингтонда Орландода орын алған теракт құрбандарын еске алды. Ақ үйдің жанында адамдар түні бойы шам жағып, ЛГБТ-ұйымдарына күш көрсетуді доғаруға шақырды, деп хабарлайды euronews.com.

Толығырақ тоқталатын болсақ, 12 маусымға қараған түні Орландодағы гей клубта атыс орын алған болатын. Атысты 29 жасар Омар Матин есімді америкалық азамат ұйымдастырды. Атыстың салдарына 50-ге жуық адам қаза тауып, 53 адам жарақат алған. Атыс барысында қылмыскердің көзі жойылған.


Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, Омар Матин екі ер адамның сүйісіп тұрғанын көріп ашуға бой алдырыпты.

Орландода болған бұл қайғылы оқиға АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған ірі оқиға болып саналуда.