АҚШ-та қордың азаюына орай Brent мұнайы баррелі 49 долларға көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та қордың азаюына орай Brent мұнайы баррелі 49 долларға көтерілді

АҚШ-та қордың азаюына орай Brent мұнайы баррелі 49 долларға көтерілді

Сәрсенбі күні  АҚШ нарығында отын қорының төмендегені туралы мәлімет шыққаннан кейін мұнай бағасы қымбаттай бастады. Brent барреліне 49 доллардан сатылуда.

  • 25 Мамыр 2016
  • 424
Фото - Caravan.kz

Bloomberg агенттігі келтірген  American Petroleum Institute деректеріне сәйкес    отын резерві 5,14 млн баррельге түсіп кеткен. 

 Лондондық  ICE Futures  биржасында Brent  маркасына шілделік фьючерстер белгіленімі мәскеу уақыты бойынша сағат  8:00-де бір пайызға — барреліне   $49,08 дейін өсті.

Нбю-Йорк тауар биржасының (NYMEX) шілдеге  WTI  маркасына келісімшарттар бағасы  осы уақытта    барреліне  1,15%-ға —   $49,18 дейін артты.