АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Ядролық қауіп-қатерді азайту жөніндегі халықаралық қордың тең төрағасына "Достық" орденін табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тағы Қазақстан елшісі  Ядролық қауіп-қатерді азайту жөніндегі халықаралық қордың тең төрағасына "Достық" орденін табыс етті

АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Ядролық қауіп-қатерді азайту жөніндегі халықаралық қордың тең төрағасына "Достық" орденін табыс етті

АҚШ Конгрессінің мүшелері, қорғаныс және ішкі қорғаныс министрлерінің орынбасарларының қатысуымен 19-20-қазанда АҚШ-тың Джорджия штатындағы Афины қаласында өткен "Жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақ : АҚШ үшін қатер" деген тақырыптағы симпозиум аясында АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Қанат Саудабаев Ядролық қауіп-қатерді азайту жөніндегі халықаралық қордың тең төрағасы Сэм Наннға 1-дәрежелі "Достық" орденін табыс етті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Қазан 2003
  • 564
Фото - Caravan.kz

АҚШ-тық саясаткерге орденді табыс ету барысында Қазақстан елшісі : «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан және президенттің тікелей тапсырмасымен осынау жоғарғы сыйлықты сізге табыс ету мен үшін үлкен мәртебе. Бұл орденді табыс ету арқылы Қазақстан халқы еліміздің ядролық мұрадан құтылууына және ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан сіздің теңдессіз үлесіңіз үшін алғыс білдіреді»,- деп атап көрсетті. Өз кезегінде С.Нанн Қазақстан халқы мен Елбасы тарапынан өзінің күш-жігер, үлесі жоғары бағаланғандығы үшін үлкен ілтипатпен ризашылық білдіре отырып қару таратпау ісіне деген өзінің бұлтарыссыз позициясын тағы бір дәлелдеп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы аталмыш саладағы ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту бағытындағы белсенді жұмыстарын жалғастыра беруге батыл шешім қабылдағанын тағы бір атап өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003-жылдың тамыз айында қатерді бірлесіп азайту жөніндегі танымал бағдарламаның авторлары — АҚШ сенаторлары Р.Лугар мен С.Наннды «Достық» орденімен марапаттаған болатын. Аталмыш бағдарлама аясында АҚШ Қазақстанға ядролық және биологиялық қарудың инфрақұрылымын жою мақсатына 200 млн. доллардан астам қаржы бөлген. Қазір Қазақстан мен АҚШ қару таратпау саласындағы өзара белсенді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар