АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Керри Б.Немцовқа қастандық жасалғанын естігенде қатты қапаланғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Керри Б.Немцовқа қастандық жасалғанын естігенде қатты қапаланғанын айтты

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Керри Б.Немцовқа қастандық жасалғанын естігенде қатты қапаланғанын айтты

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей Премьер-министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Борис Немцовтың Мәскеудің орталығында қастықпен өлтірілуін естігенде қатты қапаланғанын мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.

  • 1 Наурыз 2015
  • 282
Фото - Caravan.kz

Джон Керри саясаткер Борис Немцовтың өлтірілгенін естігенде көңілі түскенін айтып, РФ билігін бұл қылмысты тергеуге шақырды.

«Ресей Премьер-министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Борис Немцовтың Мәскеу орталығында қастықпен өлтірілгені туралы естігенде қатты қапаландым. Борис Немцов бүкіл ғұмырын одан да демократиялы, гүлденген, ашық Ресейдің құрылуына, Ресей және оның АҚШ-ты қоса алғанда, басқа да елдермен арасындағы берік қарым-қатынастардың орнатылуына арнаған», — деп мәлім етті Д.Керри. 

«АҚШ Ресейдің билік көздерін бұл қылмысты тергеп, оған кінәлі адамдардың жауапқа тарту бойынша жедел әрекеттер жасауға шақырады», — деді ол.

Сондай-ақ ол Ресей халқына, қастандық құрбаны болған саясаткердің отбасы мен достарына көңіл айтты.