Жарияланды: 430

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры әйелінің көзіне шөп салғаны үшін отставкаға кетті

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры (ОББ) Дэвид Петрэус өз еркімен отставкаға кетті.

Өзінің шешімін әйелінің көзіне шөп салғанымен түсіндіріп отыр. 10 қараша күні Д.Петрэус АҚШ Президенті Барак Обама оның отставкаға кету туралы өтінішін қабылдағанын мәлім етті. ОББ қызметкерлеріне арналған хатында Д.Петрэус өзінің іс-әрекетінің себептерін баяндады. «Бірге өмір сүрген 37 жылдан кейін сыртта қарым-қатынасқа барып, өзіме жаңылысуға жол бердім», - деді ол. Д.Петрэус бұл отағасына ғана емес, сондай-ақ белді ұйымның көшбасшысына жараспайтындығын айтты. Жақында ғана 59 жасқа толған Д.Петрэус АҚШ-тың сыртқы барлау қызметінің басшысы болып 2011 жылы тағайындалған болатын. Оған дейін НАТО-да басты лауазымдарда болды - алдымен Альянстың Ирактағы, одан кейін Ауғанстандағы күштерін басқарды. Оның әйелі Холли әскерилердің отбастарын қолдау жөніндегі комитеттердің бірін басқарады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін