Жапа шеккендер немесе өрт шығу ақпараты әзірге түсе қойған жоқ.
Апат бейсенбі күні кешке Солтүстік Дакота штатымен араадағы шекарада орын алған. 22 вагон жолдан тайды.
Өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлар бойынша қызмет мұнайдың төгілуін тексеріп жатыр, сонымен қатар жақын жердегі үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерлерге шығаруда.
Оқыс оқиғаның салдарынан билік аймақтағы басты көлік жолы — №2 федералдық шоссені жабуға мәжбүр болды.