Ақсуда мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсуда мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Ақсуда мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Ақсу қаласының полицейлері ұрлық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • 17 Маусым 2022
  • 542
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"12 маусым күні сағат 02.15-те Ақсу қаласында патрульдік полиция взводының инспекторлары көшеде келе жатқан күдікті ер адамды байқаған. Оның кім екенін тексеру кезінде ер адам Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмысты, яғни ұрлық жасағаны үшін осы жылдың 25 сәуірінен бастап мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды", — дейді полицейлер.

Бұл факті туралы іздеу жариялаған Алматы облысы Әуезов полиция басқармасына хабарланды.


Күдікті Ақсудың уақытша ұстау абақтысына қамалды, кейін ол Алматы қаласына ауыстырылады.

Соңғы жаңалықтар