Ақсудағы атыс: 19 жастағы жігіт ажал құшты - Павлодар облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсудағы атыс: 19 жастағы жігіт ажал құшты - Павлодар облысы

Ақсудағы атыс: 19 жастағы жігіт ажал құшты - Павлодар облысы

Ақсу қаласында жексенбіге қараған түні болған атыс салдарынан көкірек қуысы жарақаттанған 19 жастағы жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

  • 11 Сәуiр 2016
  • 484
Фото - Caravan.kz

Агенттікке сенімді ақпарат көзі хабарлағандай, қақтығыс Ақсу қаласы мен Май ауданының тұрғындары арасында орын алған.  Ақсу қаласы орталықтандырылған аурухананың травматолог-үйлестіруші дәрігері Талғат Темірғалиннің айтуынша, сенбі күні түнгі сағат үшке қарай оқиға орнынан екі жігіт  жеткізілген. — Олардың біреуі ауруханаға жетпестен көз жұмған. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінен жарақат бөліміне ауыстырылған 22 жастағы екінші науқастың жағдайы тұрақты. Әзірге бастың ми сүйегі сынған деген күдік бар. Алайда бұл болжам компьютерлік томоргафия жасалғаннан кейін ғана белгілі болады. Әдетте, мұндай жарақатпен түскен жандар 10-12 күннен кейін ауруханадан шығарылады, — деді Т. Темірғалин. Аталмыш фактінің орын алғаны туралы полиция растап отыр, дегенмен қандай да бір ақпарат  ұсынудан бас тартты.