Жарияланды: 60

Ақтау әкімі жасанды қызғалдақтар туралы пікір білдірді

Ақтау әкімі жасанды қызғалдақтар туралы пікір білдірді Сурет - Lada.kz

Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай бюджеттен 15 миллион теңге белгіленген "Гүл алқабы" инсталляциясы әдемі көрінбейді деген пікірмен келісті. Мердігерге мәселені шешу немесе инсталляцияны алып тастау ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

href="https://www.inaktau.kz/news/3242444/akim-aktau-nurdaulet-kilybaj-o-cvetocnom-pole-nam-pokazyvali-drugoj-eskiz">inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Брифинг барысында Ақтау қаласының басшысы Нұрдәулет Қилыбай ұсынылған эскизде "Гүл алқабы" инсталляциясы жақсырақ көрінгенін айтты. Ол қазіргі кезеңде мердігер жұмысы әлі қабылданбағынын және ақысы төленбегенін баса айтты.

"Бізге мүлдем басқа эскиз көрсетілді. Онда бәрі әдемі еді. Дұрыстасын, егер жасалмаса, бұл - олардың шығыны, олардың проблемасы, біз төлемейміз, бізде ешқандай міндеттеме жоқ. Бұл жұмыс әлі қабылданбады, ақшасы төленбеді... Таңертең көрдім, әдемі көрінбейді, сізбен келісемін", - деді Ақтау әкімі.

Әкімнің айтуынша, қалған нысандар көпшілік көңілінен шығып, жастар "Жұлдызды аспан" инсталляциясында суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялап жатыр.

"Өзіңіз елестетіп көріңізші, бір әткеншекке он бала отырды, әрине, сындырады. Немесе балаларға әткеншек қояды, ал оны үлкендер тебеді. Бұлай істейтіндерді түсінбеймін", - дейді Нұрдәулет Қилыбай.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде туристерді тарту үшін жасалған "гүл алқабының" сапасыз екеніне шағымданған болатын. "Отырғызылған" пластик қызғалдақтардың бір бөлігі құлап, кей жерлерде электр сымдары қоршалмаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін