Ақтау - Астана бағытындағы ұшақ бортынан жарылғыш зат табылған жоқ - Төтенше жағдайлар министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау - Астана бағытындағы ұшақ бортынан жарылғыш зат табылған жоқ - Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақтау - Астана бағытындағы ұшақ бортынан жарылғыш зат табылған жоқ - Төтенше жағдайлар министрлігі

Астана. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Атырау әуежайында А-320 ұшағының жолаушысынан осы әуе кемесінің бортында орнатылған жарылғыш зат туралы хабар келіп түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 1 Қазан 2007
  • 464
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28 қыркүйек күні 17.03 Ақтау — Атырау — Астана бағытында ұшатын А-320 ұшағының бортында орнатылған жарылғыш зат туралы хабар осы ұшақтың жолаушысынан келіп түскен.

«Әуежайға келіп қонғаннан кейінгі жүргізілген арнайы шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ», — деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 20.00-де ұшақ өз бағыты бойынша ұшуға жіберілген. Төтенше жағдай салдарын жоюға 6 адам мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «ЗРАОСО» мемлекеттік мекемесінің 1 техникасы жұмылдырылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті