Ақтау әуежайы бірнеше халықаралық әуе бағытын қосуды жоспарлап отыр - ФОТО - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау әуежайы бірнеше халықаралық әуе бағытын қосуды жоспарлап отыр - ФОТО

Ақтау әуежайы бірнеше халықаралық әуе бағытын қосуды жоспарлап отыр - ФОТО

Ақтау әуежайының әкімшілігі Маңғыстау облыстық әкімдігімен бірлесіп бірнеше әуе бағыттарын ашу мәселесін қарастыруда. Солардың бірі Ақтау-Сари (Иран)-Дубай (БАӘ) бағыты.

  • 10 Ақпан 2015
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Бұл мәселе ирандық тараппен талқыланды. Бұл Дубайға демалуға баратын адамдар үшін қолайлы болмақ. Сонымен қатар, бізде Иран диаспорасы көп. Олар жиі туыстарына барады, тікелей әуе рейсі болмағандықтан Баку арқылы ұшуға мәжбүр. Бұл рейстің Ираннан Ресейге бағыт алған жолаушылар үшін маңызы зор», — деді әуежай мүмкіндіктеріне арналған жиында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов.

Сондай-ақ ол «Атлас джет» түрік әуе компаниясының Стамбұл — Ақтау бағытында ұшатын чартерлік рейсіне тұрақты рейс статусын беру керектігін атап өтті.  Өйткені облыс тұрғындары арасында бұл рейске деген сұраныс көп.

«Чартерлік рейстерге рұқсат беру механизмін қайта қарап, шетелдік компанияларға қойылған шектеулерді алып тастау керек деп есептеймін. Көптеген тасымалдаушылар біздің әуежаймен ынтымақтастық орнатқысы келеді, алайда ондай мүмкіндіктер болмай жатады», — деді Ақтау әуежайы басқармасының төрағасы Киледжи Сельчук.

Сондай-ақ ол әуежай Шарджу мен Дубайға, Үндістан мен Қытайға тікелей рейс ашуға,  тұрғындарға  Ақтау-Самара-Стамбұл және Стамбұл-Самара-Ақтау тиімді бағытын ұсынуды жоспарлап отыр.


2 3 4