деп оқиға орнынан «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады.
Тізімнен шығарып тасталған кеме жағалауға жеткізіліп, «Равиль» мейрамханасы болып жабдықталған. Қалалықтар оны «кеме» деп атап кеткен және олардың сүйікті орнына айналған. «Кеме» төңірегінде жиырма жылға жуық арада жеміс-жидектер бағы өскен, айнала гүл мен жасыл желекке оранған.
Енді сот шешімімен бұл ресторанды бұзып, ағаштарды кесіп, ол жерге биік ғимарат пен көлік тұрағы салынбақ.
Қазіргі кезде ол жерге сот орындаушылар келіп, мейрамхананың бұзылуын бақыламақ. Түріп тастау үшін бульдозер мен Камаз көлігі жеткізілген.
Алайда жиналған қалалықтар техниканың жұмыс істеуіне рұқсат бермеуде. Митингке қатысушылардың бірі есінен танып құлап, жедел жәрдем шақырылған.
Жиналғандар алдына шыққан қалалық әкімдік өкілі сот шешімі заңды екенін түсіндіріп әлек.