Ақтау тұрғындарына цифрлық болашақтың бағытын көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау тұрғындарына цифрлық болашақтың бағытын көрсетті

Ақтау тұрғындарына цифрлық болашақтың бағытын көрсетті

Ағымдағы жылдың 11-12 желтоқсанында Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры Ақтау қаласында «QdigitalInform» семинарын ұйымдастырды.

  • 13 Желтоқсан 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz

Шара қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен өтті.

Цифрлық әлемдегі соңғы жаңалықтар мен блокчейн технологиясы туралы семинар қатысушыларына «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Маңғыстау облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелер басқармасының бас маманы Гүлжанат Қайрадинова мен «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Цифрландыру Департаментінің талдаушысы Еркін Ақмамбетов түсіндіріп берді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады. Осы орайда, ұйымдастырушылар тарапынан цифрлық болашақ траекториясының негізгі қажеттілігін әрбір қатысушыға жеткізу болып табылады. Әсіресе, қазақ тілді аудиторияға жеткізу, себебі мемлекеттік тілде ақпарат жетіспеушілігі байқалады», — деп Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қорының Бас директоры Айбек Казыгулов бөлісті.


Еске салсақ, Ақтауда осы жоба аясында соңғы шара өтті. Осыған дейін мұндай семинарлар Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Қызылорда және Орал қалаларында өткен болатын.

Анықтама үшін:

«QDigitalInform» — қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойыншаерекше жоба. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйым өкілдері) қатысады.

Соңғы жаңалықтар