Полиция мәліметтеріне қарағанда, қалалық Ішкі істер басқрмасына Ақтаудың 49 жастағы тұрғыны белгісіз біреулер оның Opel Vectra көлігінің кілтін бұзып, ішіндегі заттарды қолды еткенін хабарлаған.
Көп ұзамай, күдікті анықталды. Ол 10 жастағы Ақтау тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында бұл баланың алғашқы ұрлығы емес екені белгілі болды. Ол облыс сондай-ақ «ВАЗ-2107» көлігін де тонаған болып шықты. Полицияға 21 жастағы көлік иесі арызданған. Оның айтуына қарағанда, ұрылар көліктің есігін бұзып кірген. Барлық айғақтар жас баланың бұл қылмысқа да қатысы бар екенін дәлелдеді. Бала көліктен бағалы зат таппаған, келтірілген материалдық шығын 2000 теңгеден аспайды, дейді полицейлер.
Сондай-ақ бала Mazda 626 көлігін де тонаған деген күдікке алынып отыр. Әзірге ол көліктің иесі келтірілген шығын туралы айтпады.
Қазіргі кезде оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.