Ақтауда 24 млн теңге тұратын қаракүзен тонын контрабандалық жолмен әкелгендердің жолы кесілді. Ақтау халықаралық әуежайында қаракүзен терісінен тігілген 100 дана тонды контрабандалық жолмен алып өтпек болған. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Баку-Ақтау» авиарейсіндегі кедендік тексеру кезінде заңсыздықтың жолын кесті. Қытайдан келген контрабандалық тауардың жалпы құны 24 млн теңгеден асып жығылады. Теріден жасалған бұйымдардың Қазақстан аумағына заңсыз енуіне байланысты ҚР ҚК 234-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстарды басталды.