Ақтауда 5 мектептің есепшісі 81 миллион теңге жымқырған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда 5 мектептің есепшісі 81 миллион теңге жымқырған

Ақтауда 5 мектептің есепшісі 81 миллион теңге жымқырған

Ақтауда мектептің бас есепшісі өз атына миллиондап ақша аударған.

  • 27 Шiлде 2015
  • 393
Фото - Caravan.kz

Ол айына 119 мың теңге жалақы алудың орнына 916 мың теңгені заңсыз түрде қалтасына басып келген. Қара басының қамын ойлаған бас бухгалтер екі жыл бойы мемлекеттің 40 миллион теңгесін жымқырыпты. Ел қазынасын желге ұшырған есепшілердің қылмысы мұнымен ғана шектелмейді. Қаладағы білім ордаларына тексеру жүргізген прокурорлар тағы 4 мектепте біраз былықтың бетін ашқан. Мектеп бухгалтерлері белгіленген мөлшерден 13 есе көп жалақы алып, жұмыс істемейтін туысқандарына еңбекақы, материалдық көмек және еңбекке жарамсыздық анықтамалары бойынша берілетін төлемдерді заңсыз аударып отырған. Бәрін қоса есептегенде 81 миллион теңге қаражат ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Қазір бес бірдей мектептің есепшілерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.


Мәлік Оспанов, Ақтау қалалық прокуратурасының бөлім басшысы:

— Бас бухгалтерлеріне 5 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданып, қазіргі таңда мемлекетке 14 миллион теңге ақша қайтарылды. 2 кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 2 тұлға қазіргі таңда сотта қаралуда. 1 бухгалтерге 3 жыл бас бостандығынан айыру және бухгалтер болуға 5 жыл бойы тыйым салынған, — деп хабарлайды http://www.24.kz/.