Бұл — 8 жастағы Асылбек Шараздың жансақтау бөлімінен енді ғана шыққан беті. Десе де әлі де жағдайы ауырлау. Тынысы да қалыпқа келе қоймаған. Ең бастысы, хирургтар дер кезінде операция жасап үлгерілген. Оқ оның арқасынан өтіп, өпесіне қадалыпты.
Бауыржан Мұсақанов, Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
— Баланың өкпесінің оқ таптық. Оқ пневматикалық қарудыкі екен. Ондай тек Қытайда ғана жасалады. Операциядан кейін есін жинады. Жалпы жағдайы жақсы. Жаман емес.
Асылбекті өлім құштыра жаздаған оқиға мына аулада болған. Қансыраған баланы көршілері көріп, жедел қызметке хабар беріпті. Бірақ күдіктіні бірде-бірі аңғармағандарын айтуда. Жеткіншектің өзі де оқтың қайдан атылғанын түсінбеген. Қазір полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Әлия Шермағамбетова, Маңғыстау облыстық ІІД- нің өкілі:
-Қазір Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 257 бабының 3-ші тармағымен іс қозғалды. Полиция күдіктіні іздеп жатыр.
Балаға қастандық жасаған көршілердің бірі болуы мүмкін. Өйткені Асылбек үй артындағы мына шұңқырда ессіз жатыпты. Сәйкесінше, оқ та сол маңдағы балконнан атылған-ды. Қазір тәртіп сақшылары көп қабатты үйдегі барлық пәтерлерді тінтіп жатыр. Ал өкпесіне ауыр зақым алған Асылбек кемі бір ай ауруханада жатпақ.