Ақтауда 80-ге жуық жасөспірім жаппай төбелес шығарған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда 80-ге жуық жасөспірім жаппай төбелес шығарған

Ақтауда 80-ге жуық жасөспірім жаппай төбелес шығарған

Ақтау қаласында 80-ге жуық жасөспірім жаппай төбелес шығарған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталып, алты жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды.

  • 30 Қазан 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Лада.кз жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, жаппай төбелестен кейін 80-ге жуық жасөспірім полицияға жеткізілді, олардың алтауы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлерінен құралған жасақ келіп, 15 пен 18 жас аралығындағы 76 адам Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған 56 баланың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Сағат 23.00-ден кейін кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде табу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, алты жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.