Ақтауда акватакси жұмыс істейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда акватакси жұмыс істейтін болды

Ақтауда акватакси жұмыс істейтін болды

Келесі жылы Каспий жағасында су көлігі тұрғындарға такси қызметін көрсете бастайды. Бұл туралы Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің жетекшісі Жанна Тоқбаева хабарлады, деп жазды lada.kz.

  • 13 Қазан 2016
  • 494
Фото - Caravan.kz

Ж.Тоқбаеваның айтуынша, «Акватакси» жобасы туризмді дамыту бағдарламасы аясында жасалды. Ол жолаушыларды 1-ықшамаудан мен 15-ықшамаудан аралығында тасымалдау қызметін атқарады. Келер жылдың жазында Ақтау тұрғындары мен қала қонақтары жаңа қызметті пайдалана алады.

Шамамен, бір жолаушының жол жүру ақысы 1 000 теңге болуы мүмкін. Бұл қызметті Ақтауға енгізу үшін, Ж.Тоқбаеваның хабарлауынша, 100 миллион теңге бөлінген. Жалпы туризмді дамыту саласында тоғыз жоба мақұлданған.


Соңғы жаңалықтар