Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.
Қылмыстық іс 14 қазан күні 5 шағын ауданның 3 үйінде болған. Анасы өз туған баласын жылу құбырына аяқ-қолын байлап, оны тұншықтырып өлтірген.
Марқұм болған бала №7 мектепте 3-ші сыныпта оқыған.
- Ол әйел күйеуімен ажырасып кеткен, бірақ баланың әкесі жиі келіп тұратын. Соңғы екі айда ол әйел өз-өзін біртүрлі ұстап жүрген еді. Мектепке барып, айқай шығаратын, — дейді куәгерлердің бірі.
Куәгердің айтуы бойынша полиция қызметкерлері әйелді бірден тұтқындап, өз баласын өлтірген әйел өз кінәсін мойындаған.