Ақтауда әскерде қаза тапқан сарбаздың өлтірілгені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда әскерде қаза тапқан сарбаздың өлтірілгені анықталды

Ақтауда әскерде қаза тапқан сарбаздың өлтірілгені анықталды

Қайғылы оқиға 10 наурыз күні Ақтаудағы 29011 әскери бөлімінде орын алған еді. Борышын өтеп жүрген Мақсат Шишімбаевті Қорғаныс министрлігі өзіне қол жұмсаған деп мәлімдеген. Кейін байқаусызда өзін атып алды деген болжамын айтты. Алайда, сот-медициналық сараптама 18 жастағы бозбаланың өлтірілгенін анықтап отыр.

  • 14 Наурыз 2017
  • 278
Фото - Caravan.kz

Мақсаттың туыс ағасы Ерлан Дұрыскелдиновтің айтуынша, қостанайлық сараптама Мақсаттың кісі қолынан қаза тапқанын растаған. Қазір марқұмның туыстары осынау медициналық сараптаманың нәтижесін қолына алып, шағымдануға дайындалып жатыр.

"Азаптап өлтірілген. Басынан үш рет атқан. Мен Ақтауда осы біздің іспен айналысып жатқан тергеушілермен сөйлестім. Олар оқиға орнынан 3 гильзаның табылғанын айтты. Енді біз мұны жайдан-жай қоя салмаймыз. Мақсатты жерлеп болған соң Ақтауға барып, оқиғаның қалай болғанын анықтамақпыз және кінәлілердің жазалануын талап етеміз", — дейді марқұмның ағасы.

Мақсат Шишімбаевты туғандары бүгін өзінің туған жері Қостанай облысы Қарабалық ауданында жер қойнына тапсырды. Ол үйінің үлкені болатын.


Соңғы жаңалықтар