Жарияланды: 430

Ақтауда Әзербайжан Республикасының бас консулдығы ашылды

Ақтау. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақтауда бүгіннен бастап Әзербайжан Республикасының бас консулдығы ашылды. Бұл туралы Әзербайжанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Лятиф Гандилов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

Жаңа бас консул болып Рашад Мамедов тағайындалды. Бас консулдық өз жұмысының аясында Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының аумағын қамтиды. Қазір Маңғыстау облысында 5-6 мың әзербайжандық өмір сүреді. Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың хабарлауынша, қазір Ақтау қаласында Иран мен Түркияның консулдығын ашу мәселесі келісілген болса, Ресей, Түрікменстан және Біріккен Араб Әмірліктерінің консулдық мекемелерін ашу мәселесі дәйектелу үстінде. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін